"AMANAT" партиялық активінің отырысы өтті
- Қаралды: 329
2022 жылдың 18 наурызында "AMANAT" партиялық активінің онлайн отырысы өтті. Жиналыста Президент Жолдауының басымдықтары талқыланып, 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы" атты халыққа жолдауында ел Президенті партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттерін іске асыруға қатысты мәселелер қозғалды.
"Қамқорлық" оңалту орталығына қонақтар келді
- Қаралды: 359
2022 жылғы 16 наурызда біздің "Қамқорлық" оңалту орталығына "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры - Адиева Әлфия Даулетқалиқызы және қордың мүшелері: жобалық басқару департаментінің жобаларды басқару секторының менеджері - Жараспаева Айбота Еркінқызы, контент-менеджері - Байкен Әйгерім Әбдіғаппарқызы және графикалық дизайнер - Әлібек Қаламқас Дүйсенбайқызы келді.
2022 жылғы 15 наурызда мәслихаттың кезектен тыс сессиясына дайындық аясында мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар медициналық ұйымдарға барды.
Медициналық мекемелердің бірі біздің «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» болды.
Сапар барысында депутаттар бірқатар мәселелерге назар аударды: ғимаратты жөндеу қажеттілігі, қабылдау бөлмесін кеңейту және ғимараттың жекелеген бөліктерін тиісті жылыту үшін инженерлік желілерді ауыстыру.
Депутаттар біздің аурухананың проблемаларына өте мұқият қарап, барлық мәселелерді астаналық мәслихаттың кезекті сессиясында қарауға уәде берді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай
- Қаралды: 352
"№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" жарысқа белсенді қатысты!
07.03.2022 ж. №37 мектеп-лицейінде С.Мәуленова 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Алматы ауданы әкімінің аппараты ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінен қыздар арасында волейболдан жарыс өткізді.
05.03.2022 "№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
"№1 КҚБА" директоры Ә.Х Шаймердинова аурухананың әйелдер ұжымын мерекемен құттықтап, медицина қызметкерлеріне алғыс хат жолдады.
Жылы және тату атмосферада "№1 КҚБА" ерлер ұжымы директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Граб А. В және директордың МҚСБ және СЖ жөніндегі орынбасары Кожекенов Д. Е. өз әйел-әріптестерін көктемнің тамаша мерекесімен құттықтады.