Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
Мәслихат депутаттары «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында» болды
- Қаралды: 358
2022 жылғы 15 наурызда мәслихаттың кезектен тыс сессиясына дайындық аясында мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар медициналық ұйымдарға барды.
Медициналық мекемелердің бірі біздің «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» болды.
Сапар барысында депутаттар бірқатар мәселелерге назар аударды: ғимаратты жөндеу қажеттілігі, қабылдау бөлмесін кеңейту және ғимараттың жекелеген бөліктерін тиісті жылыту үшін инженерлік желілерді ауыстыру.
Депутаттар біздің аурухананың проблемаларына өте мұқият қарап, барлық мәселелерді астаналық мәслихаттың кезекті сессиясында қарауға уәде берді.