Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7-700-966-24-96 (whatsapp)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі

Бөлім меңгерушісі

Абдикаримова Айнур Абсултановна

Телефон: 35-11-65

0 күннен 2 айға дейінгі жаңа туған балаларды шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу: тыныс алу органдарының, терінің және тері асты клетчаткасының ауруларымен, перинаталдық кезеңде пайда болатын жекелеген жағдайлармен, туа біткен даму ауытқуларымен, тұқым қуалайтын және генетикалық ауытқулармен, құрсақішілік дамуының кідіруімен.

Бөлімше дәрігерлері: 

  • Аденова Айша Тұрғынқызы - дәрігер-неонатолог, еңбек өтілі 12 жыл.
  • Батырханова Жанаргүл Мұхтарқызы - дәрігер-неонатолог, еңбек өтілі 10 жыл.

Бөлімшенің жоғары білікті дәрігерлік және мейірбикелік қызметкерлері жаңа туған балаларды емдейді. Ол үшін бөлімшеде барлық қажетті заманауи медициналық жабдықтар бар.

Бөлімнің негізгі міндеті: 

  • Жаңа туған нәрестелерге жоғары білікті неонатологиялық көмек көрсету.  
  • Нәресте кезеңде туған немесе ауырған жаңа туған нәрестелерді толық оңалту, балалардың мүгедек болу қаупін төмендету 
  • Жаңа туған нәрестелерге медициналық көмекті ізгілендіру – бұл қолайлы қоршаған орта жағдайында жүргізілетін барынша аялауыш емді және күтуді пайдалану, температуралық жайлылық, жарық пен шудың әсерін шектеу, дененің жайлы жағдайын беру, тері жамылғысының тұтастығын қорғау, ауырсыну және тактильді тітіркендіргіштерді шектеу.

Бөлімше «Ана мен бала» қағидасы бойынша жұмыс істейді, бұл ананың өз баласының жанында тәулік бойы бірге болуын көздейді.

Бөлімше базасында Астана медицина университетінің «№1 балалар аурулары» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы кеңес береді. Кафедра жетекшісі – профессор, м.ғ. д., жоғары санатты дәрігер педиатр, аллерголог – иммунолог Моренко Марина Алексеевна, кафедра доценті жоғары педиатр дәрігері Гатауова Мадина Рафхатовна, кафедра доценті Чехович Г.И. бөлімшеге консультациялық көмек көрсетеді.

Жаңа туған нәрестелердің аналары мен туыстарымен ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және оларға эмоциялық қолдау көрсетіледі.

Аналарға балалармен бірге қарқынды терапия палаталарында болуға рұқсат етіледі.

Жаңа туылған нәрестелер патологиясы бөлімі ерекше емшек емізуді қолдайды. 

  • IMG_7633
  • IMG_7636
  • IMG_7648
logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7700 966 25 87 (ватсапп)
© Copyright 2024 site-pro.kz.