Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7-700-966-24-96 (whatsapp)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Этикалық ережелер

Медициналық қызметкер және пациент 

1 бап. Медициналық қызметкер және пациенттің сапалы медициналық көмек алуға құқығы

6.1. №1 қалалық балалар ауруханасының медициналық қызметкері әр адамның денсаулығының мықты болуына және адекватты медициналық көмек алуына деген ажырамас құқықтарын құрметтеуі тиіс.

6.2. Медициналық қызметкердің міндеттері: пациентке ізгілік қағидаларына және кәсіби стандарттарға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетуге,  өз әрекеті үшін пациенттер, әріптестері мен қоғам алдында адамгершілік жауапкершілігін көтеруге міндетті.

6.3. Медициналық қызметкердің кәсіби және этикалық міндеті – өз құзыреті шегінде медициналық көмекке мұқтаж болған кез келген адамға шұғыл көмек көрсету. 

2 бап. Медициналық қызметтің негізгі шарты – кәсіби құзыреттілік  

6.4 Медициналық қызметкер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі айқындаған кәсіби стандарттарды үнемі сақтап жүруі тиіс.  

6.5 Кәсіби білімі мен біліктілігін үздіксіз жетілдіруге, мәдени деңгейін арттып отыру – медицина қызметкерінің кәсіби парызы. Медициналық қызметкер пациенттің адамгершілік және заңды құқықтарын жетік білуі тиіс.   

6.6 Медициналық қызметкер әуелі пациент өміріне құрметпен қарап,  медициналық білімін барынша пайдалана отырып, ауру зардабын жеңілдетуіне көмек беруі тиіс.     

6.7 Медициналық қызметкер адамдармен қатал, адамгершілікке жатпайтын қылықтар көрсетпеуі тиіс, науқас адамның өз-өзіне қол жұмсауына жағдай жасауға құқығы жоқ.        

6.8 Медициналық қызметкер өз құзыреті шегінде Бүкіләлемдік медициналық ассоциация, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген пациент құқығын қамтамасыз етуге жауапты.            

3 бап. Пациенттің адамдық абыройын құрметтеу 

6.9  Медициналық қызметкер жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

6.10 Пациентке дөрекі сөйлеу, кемсіту, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасауға болмайды.   Өзінің діни, саяси көзқарасын ұстануды мәжбүрлеуге құқығы жоқ.   

6.11 Медициналық көмек алуға бірнеше пациент келіп, кезек пайда болған жағдайда медициналық қызметкер еш кемсітусіз, медициналық критерийлерді басшылыққа алуы тиіс.             

6.12 Медициналық көрсеткіштер бойынша пациент тәртібін қадағалау қажет боған жағдайда, оның жеке өміріне араласуға шектеу қойып, тек кәсіби қажеттілікті басшылыққа алуы тиіс.         

6.13 Медициналық қызметкер «Зиян келтірме!» деген ежелгі этикалық өсиетті бұзуға құқығы жоқ. Пациентке зиян келтіруге тырысып жүрген үшінші тұлғаның әрекетіне селқос қарауға құқығы жоқ. Пациентке күтім жасау және басқа да кез келген медициналық араласулар ауру сезімін тудыратын немесе уақытша жағымсыз әрекеттер жасалатын болса, пациенттің мүддесі үшін ғана рұқсат етіледі. «Дәрі аурудан ащы болмауы керек!», пациент өмірі мен денсаулығына қауіпті медициналық араласулар жасау барысында қауіпсіздік шараларын қарастыру қажет. 

4 бап. Медициналық қызметкер және  пациенттің ақпарат алуға құқығы 

6.14  Медициналық қызметкер шыншыл және адал болуы керек. Пациенттің құқығы туралы ақпарат беруге медициналық қызметкердің адамгершілік құқығы бар.

6.15 Медициналық қызметкер пациенттің денсаулығы, ұсынылған емдеуден болуы мүмкін қауіп және артықшылықтары, диагноз және болжам туралы ақпарат алуға деген құқығын, сондай-ақ ақпараттан мүлде бас тарту құқығын құрметтеуі тиіс. Кейбір жағдайларда медициналық қызметкер пациент денсаулығына айтарлықтай зияны тиетініне көзі жеткен болса, пациенттен кәсіби ақпаратты жасырып қалуға құқығы бар.   

5 бап. Медициналық қызметкер және пациенттің медициналық араласуға келісім беру немесе бас тарту құқығы  

6.16 Медициналық қызметкер пациентітң немесе оның заңды өкілінің (мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедектер) кез-келген медициналық араласуға келісім беруге немесе одан бас тартуға құқығын құрметтеуі тиіс.   

6.17  Медициналық қызметкер пациенттің келісімі мен бас тартуын өз еркімен ойланып шешім қабылдағанына сенімді болуы керек. Медициналық қызметкер өзінің біліктілігіне қарай медициналық емшараның салдары туралы пациентке түсіндіру медициналық қызметкердің адамгершілік және кәсіби парызы. Пациенттің бас тартуы оның кәсіби жағдайына, басқа медициналық қызметкерлермен қарым-қатынасына жағымсыз әсер етпеуі тиіс.    

6.18  Медициналық қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пациенттің (15 жасқа дейінгі баланың заңды өкілінің) келісімінсіз көмек көрсетуге құқығы бар. 

6 бап. Кәсіби құпияны сақтау міндеті 

6.19  Медициналық қызметкер өзінің кәсіби міндетін орындау барысында өзәне мәлім болған ақпаратты: пациенттің денсаулығы, диагнозы, емделуі, ауруының болжамы, сондай-ақ пациенттің, тіпті ол өлгеннен кейін де, жеке өмірі туралы құпияны сақтауға міндетті.  

6.20  Пациенттер туралы құпия ақпаратты, қандай күде сақталса да, қорғау жөніндегі өзінің міндеттерін бұлжытпай орындауға міндетті. Үшінші тұлғаға, тек пациенттің келісімімен ғана,  құпия ақпаратты айтуға құқылы, медициналық көмек көрсететін басқа медициналық қызметкерге және басқа мамандарға құпия ақпаратты айту үшін де пациенттің келісімін сұрау талап етіледі.  

6.21  Медициналық қызметкер заңда қарастырылған жағдайда ғана пациенттің келісімінсіз құпия ақпаратты үшінші тұлғаға беруге құқылы. Мұндай жағдайда құпия ақпараттың ашылуы туралы пациентке хабарлануы тиіс. Барлық жағдайда медициналық қызметкер кәсіби құпияны сақтауға жеке адамгершілік және кейбір жағдайда заңды жауапкершілікте болады.   

7 бап. Медициналық қызметкер  және өлім аузындағы пациент

6.22  Медициналық қызметкер өлім аузында жатқан пациенттің ізгілік қарым-қатынасқа және лайықты өлімге құқығын құрметтеуге тиіс. Өлім аузындағы пациенттің физикалық, эмоционалдық және рухани қуаттануға мүмкіндік беретін  паллиативтік (өмір сақтау) медициналық көмек саласындағы қажетті білімі мен білігін меңгеруі тиіс.  

6.23  Медициналық қызметкердің адамгершілік және кәсіби міндеттері: өлім процесіне байланысты ауырсынудың алдын алу және жеңілдету; өлім аузындағы пациентке және оның отбасына психологиялық қолдау көрсету. Эвтаназия, яғни, өлім аузында жатқан пациенттің өмірін тоқтатуға әрекет жасау (тіпті, пациенттің сұрауы бойынша болса да) әдепсіз қылық болып табылады.   

6.24  Өлген адамның сүйегін жууда оның діни және мәдени дәстүрлерін есепке алу керек. Медициналық қызметкер  патолого-анатомиялық союға қатысты азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген құқықтарын қорғауға міндетті. 

8 бап. Медициналық қызметкер ғылыми зерттеу және оқу процесінің қатысушысы  ретінде

6.25  Медициналық қызметкер зерттеу жұмыстарына қатысуға, өзінің кәсіби білімін арттыруға ұмтылуы керек.   

6.26  Зерттеу жұмысына нысан ретінде адам қатысқан жағдайда,   медициналық қызметкер медициналық этика жөніндегі халықаралық құжаттарды (Хельсинск декларациясы және т.б.) және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуы керек.    

6.27  Медициналық қызметкер үшін пациенттің өмірлік мүдделері қоғам және ғылым мүддесінен әрдайым биік тұруы тиіс. Медициналық қызметкер ғылыми зерттеулерге қатыса отырып, өзіне қарауға шамасы жетпейтін (ауыр психикалық бұзылысы бар балаларға) пациенттерге ерекше қамқор болуы тиіс. Оқу процесіне пациенттің қатысуы кезінде де осы құқықтар сақталады. 

Медициналық қызметкер  және оның кәсібі

9 бап. Өз кәсібіне деген құрмет.

6.28  Медициналық қызметкер өз кәсібінің беделі мен абыройын сақтау керек.    

6.29  Ұқыптылық және жеке бас гигиенасын сақтау – медициналық қызметкердің ажырамас міндеті. 

6.30  Медициналық қызметкер емдеу мен диагностика стандарттарын қолдау, енгізу және жақсартуға жеке адамгершілік жауапкершілікте болады. Құзыреттіліктің өзі меңгермеген сатысына ұмтылуы тиіс. медициналық қызметкердің құқығы мен міндеті – өзінің адамгершілік, экономикалық және кәсіби тәуелсіздігін ұстану.     

6.31  Медициналық қызметкер пациент тарапынан басқа пациенттердің алдында өзіне ерекше қарау тілегі негізінде берілген сыйлықтар мен жағымпаздық ұсыныстардан бас тартуы тиіс.    

6.32  Әділдік және тәртіп қағидаларына қайшы келмесе, екі жақтыңда адамдық қасиетін таптамаса, медициналық қызметкер пациент алғысын алуға құқылы.   

6.33  Пациентпен болған интимдік қарым-қатынастар медициналық этикада айыпталады. Медициналық қызметкердің тәртібі пациент денсаулығының нашарлауына үлгі болмауы керек.    

6.34  Науқастармен қарым-қатынаста  медициналық қызметкер онымен «емдік» қатынас орнатады, науқастың емделуге қатынасын анықтайды, науқастың өз жағдайын дұрыс бағалауын қалыптастырады, қосымша нақтылауды қажет ететін ақпараттарды бөлім қарастырады (ауырған сырқаттары, оталары туралы), науқастың отбасымен қарым қатынасын анықтайды.    

Медициналық қызметкер  және әріптестері.

6.35  Медициналық қызметкер өзінің ұстаздарына лайықты құрмет көрсетуі тиіс. Әріптестерімен қарым-қатынаста әділ, адал және тәртіпті болуы тиіс, олардың емдеу процесіне қосқан үлесін мойындап, құрметтеуі керек. Әріптестеріне білімі жеткенінше көмек беруі және сондай көмекті сұрауға құқылы, сондай-ақ емдеу процесіне атсалысқан барлық қатысушыларға, соның ішінде көмекшілерге де жәрдем беруге міндетті.  

6.36  Медициналық қызметкер өз кәсібінің көне дәстүрін құрметтеуі тиіс – әріптесіне медициналық көмекті қайтарымсыз көрсетуге міндетті. Әріптесін дискредитациялау арқылы өзіне бедел жинау әдепсіз қылық. Кәсіби міндеттерін орындау барысында қызметтік сипатқа жатпайтын отбасылық қарым-қатынас медициналық этикада айыпталады.    

6.37  Егер медициналық қызметкердің емдік ұсыныстың мақсаттылығына күмәні болса, онда ол әуелі әріптестерімен ақылдасып, ал, күмәні сейілмесе, содан кейін ғана басшылықпен ақылдасуы керек.  

Медициналық қызметкер  және күмәнді  медициналық тәжірибе.

6.38  Медициналық қызметкер, жасырын, этикаға жатпайтын немесе құзыретсіз медициналық тәжірибемен қақтығысып қалған жағдайда пациент пен қоғам мүддесін қорғауы қажет.  Медициналық қызметкер жалпы денсаулық сақтау жүйесін реттейтін  құқықтық нормаларды білуге міндетті және дәстүрлі медициналық әдістерін қолдануы тиіс.   

6.39  Медициналық қызметкер күмәнді медициналық тәжірибеде пациент мүддесін қорғай отырып, мемлекеттік денсаулық сақтау органдарына, Ассоциацияға, медициналық қоғамдық палатаға арыздануға құқылы.   

Медициналық қызметкер  және қоғам

6.40  Медициналық қызметкердің медициналық қоғамдастық мүшесі ретіндегі міндеті – халыққа жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.   

6.41  Медициналық қызметкер өз құзыреттілігі шегінде халықты ақпараттандыруға және медико-әлеуметтік ағартуға белсенді атсалысуы тиіс, бұл пациенттің мемлекеттік, муниципалдық және жекеменшік денсаулық сақтау жүйелері қатынасында дұрыс таңдау жасауына көмек береді.  Аурулармен күрес әдістерін жетілдіруге, науқастарды, билікті және қоғамды жалпы экологиялық қауіп туралы ескертуге бағытталған әріптестік шараларды дайындауға, жүзеге асыруға қатысуы тиіс, құтқару қызметін ұйымдастыру ісіне атсалысуы керек.   

6.42  Ассоциация, медициналық қоғамдастық медициналық көмек дамуы артта қалған аудандарға медициналық қызметкерлерді тартуға жағдай жасауы тиіс, мұндай аудандардағы медициналық көмектің дамуына үлес қосуы керек.    

Денсаулық сақтау жүйесінің автономиясы мен тұтастығын  қолдау

6.43  Медициналық қызметкердің адамгершілік парызы – Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы реформаның дамуына жаңдай жасау.  Медициналық қызметкер денсаулық сақтау жүйесінің автономиясын, тәуелсіздігі мен тұтастығын дамытып, қолдау керек.   

6.44  Медициналық қызметкердің парызы – денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктері мен жетістіктеріне және кемішіліктеріне қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару керек.  

6.45  Медициналық қызметкер денсаулық сақтау жүйесі туралы қате ақпарат берілуден немесе дұрыс емес интерпретация жасаудан халықты қорғау керек.   Өзін жарнамалау медициналық этикаға кереғар қылық. Егер медициналық қызметкер ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстан бас тартуға қатысса, шұғыл медициналық көмек көрсетуден босатылмайды, сондай-ақ, сол уақытта емдеу курсын қабылдап жатқан пациенттерге қатысты этикалық міндеттерінен босатылмайды.    

Медициналық қызметкердің заңды құқықтарының кепілі және қорғау 

6.46 Медициналық қызметкердің қоғамдағы ізгілік орны оның беделі қорғалуы заң талаптары негізінде құрылады. Медициналық қызметкердің қоғамдағы ізгілік орны медициналық қызметкердің жеке қасиеттерін, бейбітшілік кезеңде де, соғыс кезеңінде де кәсіби міндеттерін орындау барысында дербес құқықтылығы және көмек алу құқығын  заң тұрғысынан қорғау талаптары негізінде құрылады.

6.47 Медициналық қызметкердің өмір сүру деңгейі оның кәсіби беделіне сәйкес келуі тиіс. Сыйақы, еңбекақы мөлшері көрсетілген медициналық қызметтің көлемі мен сапасына, біліктілік санатына, әрбір жағдайдағы ерекше үлесіне сәйкес анықталуы тиіс. кедей пациенттерге қайтарымсыз көмек көрсетіледі.          

6.48 Медициналық және медициналық емес қызметкерлерді өздері атқара алмайтын еңбекті атқаруға мәжбүрлеуге болмайды. Медициналық қызметкердің кәсіби міндеттерін атқаруы үшін еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жағдай жасалуы тиіс.           

6.49  Медициналық қызметкер Аумақаралық ассоциация, Қазақстанның медициналық қызметкерлері қоғамдық палатасының толыққанды көмегіне иек артуға құқылы (медициналық қызметкердің атына біреу негізсіз кір келтірген жағдайда); кәсіби дайындығының қол жеткізген деңгейіне сәйкес біліктілік санатын уақытылы алуға; кәсіби қателіктерін сақтандыру шараларының құрылуы мен қолданылуына құқылы, алайда, бұл кәсіби міндетіне атүсті қарап, ұқыпсыз орындағанына байланысты емес. Денсаулығы жағдайына байланысты кәсіби міндеттерін орындау мүмкін болмаған жағдайда кәсіби қайта даярлаудан өтуге; Қазақстан Республикасының медициналық қызметкерлеріне арналған заңнамада қарастырылған жеңілдіктерді уақытылы алуға құқылы.  

logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7700 966 25 87 (ватсапп)
© Copyright 2024 site-pro.kz.