Магнитті-резонанстық томография-бұл рентген аппараттары мен компьютерлік томографиядағыдай иондалған сәулеленуді емес магнит өрісі мен радио толқындарын қолданатын, инвазивті емес, заманауи, еш ауыртпалықсыз және зиянсыз жасалынатын диагностикалық әдіс.
МРТ медициналық бейнелерді алуға және олардың көмегімен ісік дамуының аномалияларын, қабыну және дегенеративті, жарақаттан кейінгі және неопластикалық өзгерістерді визуалды диагностикалауға мүмкіндік береді.
Науқаста МРТ жасау үшін тиісті денсаулықтың көрсеткіштері және учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда ол МӘМС есебінен жүргізіледі.
Жоспарлы тексеруді күтудің мерзімі 10 күннен аспайды.
№ 1 КҚБА медицина қызметкерлері GAUDEAMUS білім беру холдингінің өкілімен кездесу өткізді
- Қаралды: 363
12 сәуірде №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының медбикелері GAUDEAMUS халықаралық білім беру холдингінің өкілімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында жаңа медициналық технологиялар мен медициналық көмекті ұйымдастырудың модельдерін енгізумен мейірбике ісін дамыту мәселелері талқыланды, олар өз кезегінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, жоғары мейірбикелік білімге, оның өзектілігі мен перспективаларына көп көңіл бөлінді. Халықаралық компания өкілі атап өткендей, білімді қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарында да, ресейлік жоғары оқу орындарында да алуға болады.
Медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді
- Қаралды: 355
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы «№1 КҚБА» залында семинар өткізді!
08.04.2022 Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Семинарда ҚР АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалға талдау ұсынылды, АИТВ-инфекциясына зерттеу үшін МҰ-ға биоматериалдарды алу мәселелері, АИТВ-ға тестілеу кезінде медицина қызметкерлерінің қателіктері қаралды.
Сондай-ақ, семинар барысында қызметкерлер «ҚР ДСМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 қаңтардағы №ҚР ДСМ-6 бұйрығымен танысты.
Жөндеу жұмыстарына арналған жиын өтті
- Қаралды: 339
№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында жөндеу жұмыстарына арналған жиын өтті!
08.04.2022ж. №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында алдағы күрделі жөндеу мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.
«№1 КҚБА» директоры Ә.Шаймердинова аурухана ұжымымен бөлімшелерді жөндеуге және уақытша ауыстыруға қатысты барлық мәселелерді талқылады.
Күрделі жөндеу аурухананың жертөлесіне, желдету, жылыту жүйелеріне және т.б. әсер етеді. «№1 КҚБА» жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған!
7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күні!
- Қаралды: 403
07.04.2022 №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» балалар ойын-сауық-білім беру ойын-викторинасы өткізілді.
Викторина барысында балалар Қызықты жұмбақтар, ойжұмбақтар шешіп, қызықты мини-ойындар ойнап, уақытты пайдалы өткізді!
Сондай-ақ балаларға Дүниежүзілік денсаулық күні, пайдалы әдеттер және салауатты өмір салты туралы айтылды!
Балалар викторинаның ақпараттық бөлігіне де белсене қатысып, салауатты өмір салты туралы өз пікірлерімен бөлісті.