"Қамқорлық" оңалту орталығына қонақтар келді
- Қаралды: 360
2022 жылғы 16 наурызда біздің "Қамқорлық" оңалту орталығына "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры - Адиева Әлфия Даулетқалиқызы және қордың мүшелері: жобалық басқару департаментінің жобаларды басқару секторының менеджері - Жараспаева Айбота Еркінқызы, контент-менеджері - Байкен Әйгерім Әбдіғаппарқызы және графикалық дизайнер - Әлібек Қаламқас Дүйсенбайқызы келді.
Кездесу барысында қор мүшелері орталықтың жұмысымен және онда емделушілердің жағдайымен танысты, сондай-ақ балалармен және олардың ата-аналарымен сұхбат жүргізді. Қатысушылардың сапарының мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту көмегін көрсету сапасын одан әрі жақсарту болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, "Қамқорлық" оңалту орталығы өз қызметін 2020 жылғы 14 желтоқсанда бастады. Орталық қолжетімді оңалту үшін жасалған жаңа модель болып табылады. Онда заманауи тәсілдер мен үздік әлемдік әдістемелер енгізілген, соның арқасында мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіледі.