Сәулелік диагностика кабинеті
Рентген кабинеті 1-қабатта орналасқан.
Орнатылған: 2014 жылы ДХ – Д 300 сандық рентген жүйесі, «AGFA» фирмасының аппаратурасы:
Кабинетте рентгенографиялық зерттеу әдісі қолданылады.
Иондаушы сәулелену көзімен байланысты қызмет үшін энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитетінің 30.01.02 ж. берген №0000251 мемлекеттік лицензиясы бар.
Кабинетте рентген зерттеулері жүргізіледі:
1. Кеуде қуысының рентгенографиясы
(түзу және бүйірлік проекцияларда)
2. Сүйек-буын жүйесінің рентгенографиясы:
- қол-аяқ
- жамбас буындары
- бас сүйек
- омыртқаның мойын, кеуде және бел бөлімдері екі проекцияда
- мұрын қуысының қосалқылары
3. Іш қуысының рентгенографиясы
Амбулаториялық науқастар рентген зерттеулерін ақылы негізде және қатаң түрде емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша өтеді!!!
Жүкті әйелдерге рентген зерттеулеріне қатысуға тыйым салынады!!!