Дифтерия – жіті жұқпалы ауру
- Қаралды: 419
Дифтерия – жіті жұқпалы ауру, ол Лефлера таяқшамен шақырылады және ауыз қуысындағы қабыну және ауыр жалпы интоксикациясымен көбінесе білінеді.
Таралу жолы: ауа - тамшылы. Жөтелу және түшкіру арқылы қоздырғышы бөлінеді. Дені сау адамның ағзасын қоздырушысы жұтқыншақ және жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы түседі.
Клиникасы: ағзаға қоздырғыштың түскен сәттен бастап аурудың бірінші белгілері 2 күннен - 5 күнге дейін өтеді. Алғашқы ауру белгілері – жоғары дене қызуы, әлсіздік, тамақтың ауырсынуы. Бадамшамалары лас-сұр түсті болады. Мұндай науқастарға әдетте ангина диагнозы қойылады. Оны дифтерия қосымша лабораториялық зерттеу әдістерінен ажыратуға қиын.
Өңірлік кадр резерві
- Қаралды: 243
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 наурыз күні Өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады, құжаттар осы жылдың наурыздың 31-іне дейін onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады.
Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың аймақтық пулдарын қалыптастыру және дарынды жастарды өңірлерді дамытуға тарту.
Өңірлік резервке іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар қатысуға жіберіледі.
Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің саны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, өңірлік кадр комиссияларымен айқындалатын болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне 8 (7172) 24-89-26, 24-88-96 байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыз.
Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді.
Осындай ақпарат қазақстандықтарға қолжетімді дәрілердің қауіпсіздігі мен сапасын қадағалауға көмектеседі.
Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ)
- Қаралды: 332
АББ – бұл денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және кіріктірілген көмек көмегімен аурудың салдарын болдырмау немесе азайту жолымен созылмалы аурулары бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Бағдарлама.
Сонымен қатар, АББ – бұл өзіне-өзі көмек/өзін-өзі басқару бойынша күш салуға болатын жағдайлары бар пациенттердің белгілі бір топтарына арналған үйлестірілген медициналық араласулар мен коммуникация жүйесі. Мұндай бағдарлама жеке тұлғаларға басқа медициналық қызмет көрсетушілермен бірге өзінің ауруын басқаруға және асқынуды болдырмауға мүмкіндік береді.
АББ-ны енгізу созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу және олармен күрес, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыру, медициналық персоналдың өзара іс-қимылын жақсарту және ықтимал асқынуларды немесе жай-күйін ауырлатуды болдырмау мәселелеріне бағытталған қолда бар барлық ресурстарды пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады.