«Ашық есік күні» өтті
- Қаралды: 329
"№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК 2022 жылғы 4 маусымда Балаларды Қорғау Күніне және балалар жылына арналған «Ашық есік күні» өтті. Осындай іс-шара аурухана қабырғасында алғаш рет өткізіліп отырған жоқ, осындай іс-шаралардың арқасында ерте кезеңдерде ақаулар анықталып, диагноз қойылды. Балаларды "АстМУ" КЕАҚ иммунология, гематология және эндокринология курсымен қаладағы ең сұранысқа ие арнайы мамандандырылған дәрігерлер мен балалар аурулары кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қабылдады, оларға қарапайым күндерде кіру оңай емес. Бұл мамандар: невропатолог, гематолог, ревматолог, аллерголог, педиатр, неонатолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, нефролог.
Мемлекеттік Рәміздер күні
- Қаралды: 274
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні.
Тура 30 жыл бұрын мемлекетіміздің айрықша белгілері бекітілді: Елтаңба, Әнұран, Ту - Тәуелсіздігіміздің тұмарына ғана емес, еліміздің қалыптасу нышанына айналды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай № 1 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара өткізілді.
Назар! Хабарландыру!
- Қаралды: 305
Құрметті ата-аналар!
04.06.2022 ж. сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы, 11/1 мекен-жайы бойынша орналасқан "№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында" ШЖҚ МКК Балаларды қорғау күніне және балалар жылына арналған "Ашық есік күні" өтеді.
0 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға невропатолог, гематолог, ревматолог, аллерголог, педиатр, неонатолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, нефролог сияқты мамандар тегін консультация жүргізеді.
Бұл іс-шара ата-аналардың назарын балаларының денсаулығына назар аудару мақсатында өткізіледі.
Барлық ниет білдірушілерді мамандардың тегін консультациясынан өтуге шақырамыз!
«Менің туым — менің мақтанышым»
- Қаралды: 343
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы «Менің туым — менің мақтанышым» челленджін жалғастырды. Қызметкерлер мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихын айтып, мемлекеттік рәміздердегі бекітілген бейнелердің басқа да ұсынылған нұсқалары мен маңыздылығын білді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — Елтаңба мен Әнұранмен қатар Республиканың ресми Мемлекеттік рәміздерінің бірі.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай
- Қаралды: 303
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай № 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасын Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты құттықтады. "Reelis" анимациялық агенттігі балалармен ойын-сауық бағдарламасын өткізді, онда балалар би биледі, ойындар ойнады және көңілді болды.
Іс-шара соңында бірлескен фото жасалды. №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының әкімшілігі аталған іс-шараны ұйымдастырғаны және құттықтағаны үшін үлкен алғыс білдіреді.