№1 балалар ауруханасындағы білім күні
- Қаралды: 328
1 қыркүйек – Білім күні, барлық оқушылар үшін мереке. Бірақ бұл бірінші сынып оқушылары үшін ерекше күн. №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы дәстүрлі түрде осы жарқын мерекеден тыс қалмады және балалары биыл бірінші сыныпқа бірінші рет баратын қызметкерлерді құттықтады.
Балаларды жаңа оқу жылына дайындау аясында аурухананың бастауыш кәсіподақ ұйымы болашақ оқушыларға сыйлықтар, ал олардың ата – аналарына қажетті оқу құралдарын сатып алуға ақшалай қаражат берді.