Қалалық сенбілік
- Қаралды: 333
Сенбілік-бұл әдемі әлемде өмір сүруге, күзгі күнде ашық ауада бейресми жағдайда бірге сөйлесуге деген ниетімізді көрсетудің тамаша тәсілі, өйткені тәртіп адамда да, оның айналасында да болуы керек, сондықтан сенбіліктер өте қажет. Тазалаудан кейін біздің күш-жігеріміздің арқасында одан да әдемі болған әлемге қарау өте жақсы.
17.09.2022 ж. біздің аурухана аумағында үшінші сенбілік өтті. Біздің аурухананың барлық қызметкерлері осы іс-шараға қатысты. Сенбілік барысында келесі жұмыстар атқарылды: аумақты жинау, ағаштар мен жиектерді ақтау, ағаштар мен бұталарды кесу, арамшөптерді жұлу және т.б. Бұл іс-шараның ерекшелігі – бүкіл ұжым мүшелерінің белсенді қатысуы.
Сенбілік – бұл аумақты тазарту ғана емес, қарым-қатынас, жақсы көңіл-күй және де жағымды эмоциялар сыйлайды.
Реанимация бөлімшесінің қызметкерлері кішкентай пациентті туған пациентті туған күнімен құттықтады!
17.09.2022 ж. біздің кішкентай науқасымыз бір жасқа толды. Себебі, бұл уақытта бала реанимация бөлімінде болды, ең маңызды мереке біздің аурухананың қабырғасында өтті.
№1 КҚБА ұжымы тек сапалы ем көрсетіп қана қоймай, өз пациенттеріне деген ықылас пен шексіз қамқорлық көрсетеді, тіпті реанимация бөлімшесінде медицина қызметкерлері өз пациенттерінің мерекелері туралы ұмытпайды.
Ауруханадағы достық атмосфера көңіл-күйді көтеру және тез қалпына келу үшін өте маңызды рөл атқарады.
Қызметкерлерді тұмауға қарсы вакцинациялау басталды
- Қаралды: 297
13.09.22 ж. "№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ КМК-да қызметкерлерді тұмауға қарсы вакцинациялау басталды.
Тұмау — бұл жоғарғы және төменгі тыныс жолдарын зақымдайтын жіті жұқпалы ауру, оның қоздырғышы вирус.
Халықаралық лимфомамен күресу күні
- Қаралды: 279
Лимфома дегеніміз не? Лимфома — бұл иммундық жүйенің жасушаларынан лимфа жүйесін зақымдайтын қатерлі ісік (лимфа түйіндері, тимус безі, сүйек кемігі). Бұл уақыт өте келе қауіпті және прогрессивті ауру.