Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
Республика күніне арналған марапаттау
- Қаралды: 180
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК атаулы мереке - республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Осы күні - 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Іс-шарада сөз сөйлеген директор Әсел Шаймердинова ұжым қызметкерлерін мерекемен құттықтап, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.