Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
Бүкіл әлемде Қатерлі ісікке шалдыққан балалардың халықаралық күні
- Қаралды: 236
15 ақпан бүкіл әлемде Қатерлі ісікке шалдыққан балалардың халықаралық күні аталып өтеді. Бұл күн 2001 жылдың қыркүйегінде Люксембургте қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ата-аналары ұйымдарының халықаралық конфедерациясының жыл сайынғы жиналысында жарияланды.
Қатерлі ісікке шалдыққан балалардың халықаралық күні алғаш рет 2002 жылы өтті.
Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күнінің басты мақсаты – педиатрлардың, бүкіл кәсіби медициналық қауымдастықтың және барлық мамандықтағы әлеуметтік жауапты азаматтардың балалар онкологиясының жетістіктері мен проблемалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
Балалық шақтағы қатерлі ісікке қарсы күрестің символы - алтын лента. Алтын түс әр ата-ананың баласына тиесілі асыл қазынаны білдіреді.