Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні!
- Қаралды: 296
2009 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп "Пневмонияның алдын алу және бақылау жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарын" жариялады. Бұл жоспардың мақсаты — балаларды қорғау, аурудың алдын алу және емдеу бойынша аралас шаралар арқылы пневмониямен күресті жандандыру.
Пневмония — өкпе тінінің инфекциялық қабыну процесі. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, пневмония әлі күнге дейін ең көп таралған аурулардың бірі болып табылады. Статистикаға сәйкес, әлемде жыл сайын өкпенің қабынуынан екі миллионнан астам адам қайтыс болады, оның ішінде шамамен 1,1 миллион бала.
Пневмонияның негізгі белгілері — температураның 38,0-39,5 С дейін көтерілуі, жөтел, ентігу. Кейде зардап шегушілер кеудедегі ыңғайсыздықты немесе ауырсынуды сезінуі мүмкін. Пневмониямен ауыратын барлық науқастарда жалпы әлсіздік, өнімділіктің төмендеуі, тез шаршау, тершеңдік, ұйқының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі байқалады.
Пневмонияның қауіп факторлары:
- жасы (балалар мен қарттар);
- темекі шегу;
- өкпенің, жүректің, бүйректің, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары;
- иммун тапшылығы жағдайлары;
- құстармен, кеміргіштермен және басқа жануарлармен байланыс;
- саяхат (пойыздар, ұшақтар, вокзалдар, қонақ үйлер);
- суықтау.
Егер сізде:
- үздіксіз жөтел, кеудедегі ауырсыну, безгегі;
- суықтан немесе тұмаудан кейін жалпы жағдайдың күрт нашарлауы;
- қалтырау, тыныс алудың қиындау жағдайы болса, дереу дәрігерге қаралу немесе оны үйге шақыру қажет.
Тұмауға қарсы вакцинация пневмонияның пайда болуымен немесе таралуымен күресудің алдын алу шараларының бірі болып табылады.