Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
№1 КҚБА Республика күнін атап өтті
- Қаралды: 274
25 қазанда атап өтілетін Республика күні Қазақстанның басты және жалғыз ұлттық мерекесі болып табылады.
25 қазан – Қазақстанның қалыптасу және даму тарихындағы маңызды күн, ол өз уақытында еліміздің болашағының бағытын айқындады. 1990 жылы осы күні егемендік туралы Декларация қабылданды, ол негізгі адами және саяси принциптерді көрсетеді.
Еліміздің басты мерекесі қарсаңында №1 КҚБА-да ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің грамоталары, алғыс хаттары, төсбелгілері, сондай-ақ кәсіподақ ұйымының төсбелгілері мен грамоталары салтанатты түрде табыс етілді.