Халықаралық дәрігер күні
- Қаралды: 348
Халықаралық дәрігер күні — бүкіл әлем дәрігерлерінің ынтымақтастық мерекесі. Жыл сайын бұл күні жердің түкпір-түкпіріндегі адамдардың өмірін сақтап қалатын медицина қызметкерлері құттықталады.
Халықаралық дәрігер күні медицина қызметкері күнінен өзгеше. Халықаралық дәрігер күні — адамзатты құтқару үшін күрестегі бірлік, планетаның барлық дәрігерлерінің ынтымақтастығы мерекесі. Бұл күні бүкіл әлемде дәрігерлерге құрмет көрсетіледі. Медициналық қызметкер күні — бұл тек дәрігерлерге ғана емес, медицина саласының барлық қызметкерлеріне арналған мереке.
Халықаралық дәрігер күнін мерекелеудің бастамашылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), сондай-ақ "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық медициналық гуманитарлық ұйымы (Médecins Sans frontières, MSF) болды. Мереке әлемдегі барлық дәрігерлердің бірлігі күні ретінде құрылды. Бұл күнді тойлау туралы алғашқы мәлімдемелер 2006 жылы БАҚ-та жарияланды.
Құрметті "№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК дәрігерлері сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтаймыз! Бақытты болыңыздар, сізге және сіздің жақындарыңызға денсаулық тілейміз және атқарған игі істеріңіз үшін рақмет!