Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні
- Қаралды: 344
2015 жылдан бастап қыркүйектің әрбір үшінші сенбісінде Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні (World Marrow Donor Day) атап өтіледі.
Бастапқыда ол Дүниежүзілік сүйек кемігін донорлар қауымдастығының белсенділігі артып келе жатқан төрт Еуропа елдерінде атап өтілді. Алайда, сүйек кемігі донорларының бірыңғай тіркелімінің, яғни қажет болған жағдайда дайын донорларға арналған Деректер базасының және трансплантацияға мұқтаж науқас үшін донор болу генотипінің сәйкес келуі арқасында шешілетін проблемалардың маңыздылығы сүйек кемігі доноры күнін өткізу жөніндегі акцияның халықаралық деңгейде қамтылуына және жердің әр түкпірінде қолдау көрсетілуіне алып келді. Бүгін мереке әлемнің 50-ден астам елінде атап өтіледі.