Дүниежүзілік пациенттердің қауіпсіздігі күні
- Қаралды: 300
Дүниежүзілік пациенттердің қауіпсіздігі күні ДДҰ-ның "пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаһандық әрекеттері" WHA72.6 қарарының Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне арналған Жаһандық еске алу күндерінің бірі болып табылады.
Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күнінің міндеттері 2022 ж:
1. Дәрі-дәрмектік қателіктерден және дәрілік препараттарды қолданудың қауіпті әдістерінен келтірілген залалдың Елеулі ауыртпалығы туралы әлемдік қоғамдастықтың хабардарлығын арттыру және дәрі-дәрмектік терапияның қауіпсіздігін арттыру бойынша шұғыл іс-қимыл жасауға шақыру.
2. Дәрі-дәрмектік қателердің алдын алу және дәрілік препараттарды қолданумен байланысты зиянды азайту бойынша күш-жігерге негізгі мүдделі тараптар мен серіктестерді тарту.
3. Дәрілік препараттарды қауіпсіз пайдалануға белсенді жәрдемдесу үшін пациенттер мен олардың отбасы мүшелерінің мүмкіндіктерін кеңейту.
4. ДДҰ-ның пациенттердің "зиянсыз дәрі"қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық міндетін орындау жөніндегі күш-жігеріне жаппай сипат беру.