№ 1 балалар ауруханасында медицина қызметкерлерінің күнін атап өтті
- Қаралды: 327
Бүгін №1 көпбейінді балалар ауруханасында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты жиын медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылды.
Қазақстанда жыл сайын мереке жаздың үшінші жексенбісінде тойланады. Соңғы жылдары коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты денсаулық сақтау саласына ауыр сынақтар түсті. Дәл осы ел мен әлем үшін ең қиын кезеңде дәрігерлер таңдаған ісіне деген кәсібиліктің, жанқиярлықтың және адалдықтың жоғары деңгейін көрсетті.
№1 балалар ауруханасының әріптестерін аурухана директоры Ә. Х. Шаймердинова, директордың орынбасары Д. Е. Қожекенов, кәсіподақ комитетінің төрайымы М. Б. Жапарова құттықтады.
Олар қызметкерлерге күнделікті жауапты еңбегі, игі ісіне толық берілгені, кәсіби парызына адалдығы, мейірімділігі мен шыдамдылығы үшін алғыстарын білдірді.
Салтанатты жиында медицина қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрінің, Денсаулық сақтау басқармасының төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, сондай-ақ кәсіподақтың құрмет грамоталары мен төсбелгілерімен марапатталды.