Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шара өтті
- Қаралды: 416
№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шара өтті.
13.05.2022ж. біздің аурухананың жас пациенттеріне арналған "Отбасы - бұл кішкентай ғалам" ойын-сауық-білім беру іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шара барысында балаларға Халықаралық Отбасы күні туралы айтылды, ал балалар алған білімдерін шығармашылық конкурстар мен викториналармен нығайтты.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Отбасы күні 15 мамырда атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясы аталған мерекені 1993 жылы белгіледі. Бұл күнді белгілеу ел жұртшылығының назарын отбасының көптеген проблемаларына аударуды мақсат етеді.