Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
«Қамқорлық» оңалту орталығына «Қазақстан Халқына» қорының төрағасы келді
- Қаралды: 350
2022 жылдың 22 сәуірінде «Қамқорлық» оңалту орталығына «Қазақстан Халқына» қорының төрағасы — Болат Бидахметұлы Жәмішев келді.
Кездесу барысында қор мүшелері орталықтың жұмысымен және онда емделушілердің жағдайымен танысты, сондай-ақ балалармен және олардың ата-аналарымен сұхбат жүргізді. Сапардың мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту көмегін көрсету сапасын одан әрі жақсарту болды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қамқорлық» оңалту орталығы өз қызметін 2020 жылғы 14 желтоқсанда бастады. Орталық қолжетімді оңалту үшін жасалған жаңа модель болып табылады. Онда заманауи тәсілдер мен үздік әлемдік әдістемелер енгізілген, соның арқасында мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіледі.