Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
Терроризмге қарсы қорғалуға арналған жиналыс өтті
- Қаралды: 348
28.03.2022 «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК медицина қызметкерлері үшін терроризмге қарсы қорғалуға арналған жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында қатысушыларға террористік актінің пайда болу қаупі кезінде өзін-өзі ұстау ережелері, үй-жайды қарау әдістері және жарылғыш құрылғылардың қойылуы мүмкін екендігі туралы презентация көрсетілді, сондай-ақ террористік актінің қаупі кезінде қызметкерлердің іс-әрекеттері туралы баяндама оқылды.
Егер күдікті зат табылса, оны өз бетінше ашуға, жылжытуға, жабуға және т. б. қатаң тыйым салынады. Заттың сыртқы көрінісі ішіндегісін жасырып тұратынын есте сақтаңыз.
Оқыту жиналысының соңында барлық қатысушылар осы дәрістің пайдалылығын және жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.