Медицина қызметкерлеріне арналған туберкулез бойынша семинар өтті
- Қаралды: 345
25.03.2022 «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК медицина қызметкерлеріне арналған туберкулез бойынша семинар өтті.
Бұл оқу курсын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК өткізді.
Оқыту семинарының соңында, қорытынды нәтижелерді өткізу және қорытынды шешімдерді талқылау кезінде семинардың барлық қатысушылары ұйымдастырудың жоғары деңгейде өткенін және осындай семинарлардың пайдалылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні ДДҰ шешімімен жыл сайын 24 наурызда атап өтіледі.1882 жылы 24 наурызда неміс микробиологы Кох туберкулез қоздырғышының ашылғаны туралы хабарлады.
Биыл Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні «Туберкулезбен күресу үшін ресурстарды жұмылдырамыз. Өмірді сақтайық!» ұранымен атап өтілуде. Ресурстарды жұмылдыру миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға және туберкулез індетін жоюды жеделдетуге мүмкіндік береді.