Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
Наурыз мерекесіне арналғанкомандалық тимбилдингі өтті!
- Қаралды: 594
19.03.2022ж. "PEREKRESTOK" Еvent агенттігінің қолдауымен Наурыз мерекесіне арналған тимбилдинг өтті.
Бұл іс-шара дәстүрлі ойын-сауық және түрлі жарыстар өткізілетін қазақ ауылында мереке атмосферасын қалпына келтіруден тұрады.
"№1 КҚБА" ұжымы бірнеше командаға бөлініп, өзара "Дженга", "Арқан тарту", "Гигант боулинг" және т. б. жарыстарда өнер көрсетті.
Жарыстар арасындағы үзілістерде қатысушылар от жағып, дәмді бауырсақтар мен құймақ қосылған ыстық шай ішіп, күш жинады.
Көңілді жарыстар аяқталғаннан кейін қорытынды жасалды. 1-ші орын алған Команда бастауыш кәсіподақ ұйымының естелік сыйлықтарымен марапатталды.