Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7-700-966-24-96 (whatsapp)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Бас қалада медұйымдардың бір бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бас қалада медұйымдардың бір бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен жарақтандыру, мекемелердің ішкі, сыртқы келбетін жөнге келтіру, пациенттерге қолайлы жағдай жасау мәселелері өзектілік және маңыздылық жағынан бәрінен де алда.

Бүгін бірнеше елордалық медұйымдарды аралап шықтым. Стационарларды материалдық-техникалық жабдықтау, ауруханалардың жекелеген блоктарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі бірден білінді.

Айта кетсем, №1 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы ғимаратының қасбеті жаңартуды талап етеді, қазандық қондырғысын да жөндеу қажет: құбырлар мен еденді ауыстыру, қабырғаларды бояу, сылау және басқасы.

Азық-түліктің дұрыс сақталуына көз жеткізу үшін ас-үй бөлмесіне көтерілдім. Пеш қасында аспаздарды байқап, тамақтың сақталуы барлық талаптарға сай екеніне көзім жетті. Соңында кішкентай пациенттердің хәл-жағдайын біліп, кәсіпорын ұжымымен әңгімелесіп қайттым.

№1 Көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік блогы да жүкті әйелдер мен сәбилерді медициналық тексеруден өткізу үшін заманауи аппараттармен жабдықтауды қажет етеді. Жалпы, қалалық әкімдік пен мәслихат балалар стационарының ғимаратын реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 млрд теңгеден астам қаражатты бөлуді оңтайлы қарастырды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7700 966 25 87 (ватсапп)
© Copyright 2024 site-pro.kz.