Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
"Қамқорлық" оңалту орталығына келген қонақтар
- Қаралды: 303
2022 жылғы 4 ақпанда біздің "Қамқорлық" оңалту орталығына ҚР Парламенті Сенатының депутаты А.Ш. Әлназарова, Парламент Мәжілісінің депутаты Л. П. Павловец, БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының өкілдері және "Қамқорлық қоры" КҚ басшысы А. Е. Еркинова келді. Қатысушылардың сапарының мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту көмегін көрсету сапасын одан әрі жақсарту болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, "Қамқорлық" оңалту орталығы өз қызметін 2020 жылғы 14 желтоқсанда бастады. Орталық қолжетімді оңалту үшін жасалған жаңа модель болып табылады. Онда заманауи тәсілдер мен үздік әлемдік әдістемелер енгізілген, соның арқасында мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіледі.