Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күні
- Қаралды: 313
Бүгін 17 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық күндер жүйесінде Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күні (World Patient Safety Day) атап өтілді.
Дүниежүзілік пациенттердің қауіпсіздігі күнінің 2021 жылдағы мақсаттары:
- Аналар мен жаңа туған нәрестелердің, әсіресе босану кезіндегі қауіпсіздік мәселесі туралы әлемдік қоғамдастықтың хабардарлығын арттыру.
- Аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тиімді және инновациялық стратегияларды қабылдау және мүдделі тараптардың кең ауқымының қатысуын қамтамасыз ету.
- Медициналық көмекке қолжетімсіз адамдарды қамту үшін барлық мүдделі тараптарды шұғыл және жүйелі әрекеттерге шақыру және аналар мен жаңа туған нәрестелерге, әсіресе босану кезінде қауіпсіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
- Қауіп-қатерді төмендету мақсатында медициналық көмек көрсету орындарында озық практиканы енгізуге қолдау көрсету және босану кезінде барлық әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге зиян келтірудің алдын алу.